Hyundai Taldykorgan
г. Талдыкорган, Мкр Восточный, Карагайлы (центральная), 8.
22 сәуір 2020
Hyundai C A R E. Кепілдік мерзімін автомобильдерге ұзартамыз.

Құрметті Клиенттер!

COVID-19 жаһандық пандемиясының салдарынан біз айналамыздағы әлемді өзгерткен, әдеттегі өмір салтын бұзған, туған-туыстарымыз бен жақындарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндірген бірқатар факторларға тап болдық. Коронавирустың тез таралуы Қазақстан Республикасындағы көптеген дилерлік орталықтардың жабылуына әкелді, бұл өз кезегінде сіздердің алдарыңыздағы бірқатар міндеттемелерімізді, соның ішінде автомобильдеріңізге уақтылы кепілдікті қызмет көрсету сияқты міндеттемелерімізді орындай алмауымызға себеп болды.

«Hyundai Auto Kazakhstan» ЖШС компаниясы үшін клиенттеріміздің мүдделерін ескеру әрқашан негізгі құндылық болғандықтан және солай болып қала беретіндіктен, арнайы сіздер үшін, біз Hyundai C A R E бағдарламасын іске қостық, оның шеңберінде Өндірушінің бастапқы кепілдігінің қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың 30 наурызынан 30 сәуіріне дейін аяқталатын Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық Hyundai автомобильдеріне арналған кепілдік мерзімі 2020 жылдың 31 мамырына дейін ұзартылатын болады.
Толығырақ ақпарат алу үшін Сіз online режимінде жұмыс істеуді жалғастыратын кез келген Hyundai дилерлік орталығына жүгіне аласыз.
Тек өзара көмек пен қолдау ғана бізге осындай қиын кезеңді бірлесіп еңсеруге көмектеседі!

Сіздерге деген қамқорлықпен,
Д.А. Коломацкий
«Hyundai Auto Kazakhstan» ЖШС директоры