- Жүргізуші мен алдыңғы жолаушының алдыңғы қауіпсіздік көпшіктері
- Алдыңғы бүйірлік қауіпсіздік көпшіктері + қауіпсіздік пердешелері
- Алдыңғы орталық қауіпсіздік көпшігі
Көңіліңіз басқа нәрсеге бөлініп кетсе де, автокөлікті тез тоқтатады. FCA жүйесі Сізге баяулай бастаған немесе тоқтаған көліктер туралы, сондай-ақ Сіздің жолыңыздағы велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер туралы ескертеді және Сіз уақтылы жауап бермесеңіз, тежегіш жүйесінің барлық қуатын автоматты түрде іске қосады.
Бұл жүйе тығыз трафикте қозғалу кезінде қауіпсіздікті арттырады. BCA жүйесі сізге ескертеді, сол немесе оң тежегішті автоматты түрде іске қосады және егер сіз көлігіңіздің «соқыр» аймағында басқа көлік табылған сәтте басқа жолаққа ауыса бастасаңыз, рульдік басқаруға араласады.
Автотұрақтарда қозғалу үшін тамаша көмекші. Шолу мүмкіндігі нашар жерлерде кері қозғалу кезінде бұл жүйе басқа көліктердің бүйірден келе жатқандығы туралы ескертіп қана қоймай, тежегішті автоматты түрде іске қосады.
Артқы көрініс камерасы немесе артқы ультрадыбыстық датчиктер кедергіні анықтаған кезде, PCA ескерту береді және қажет болған жағдайда тежегіштерді іске қосады.
Көлікті түзу және тар жолдарда ұстауға көмектеседі. Егер Сіздің көлігіңіз тиісті сигнал бермей қозғалыс жолағынан шыға бастаса, LKA жүйесі визуалды және дыбыстық ескертулер береді және оны орнына қайтару үшін траекторияны рульмен аздап бұрады.
Қауіпсіздірек және күйзеліс азырақ. Алдыңғы көлікке дейінгі қашықтықты сақтайды және жылдамдықты белгіленген шекке дейін автоматты түрде төмендетеді немесе жоғарылатады. «Стоп-энд-гоу» режимінде берілген қашықтық сақталады.
Қалада көлік жүргізген кезде пайдалы болатын бұл интеллектуалды функция жүргізушіге алдыңғы автомобиль бағдаршамда немесе кептелісте тоқтағаннан кейін қозғалысты қайта бастағанын ескертеді.
Тамаша көру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, жүктемені азайтады. Бұл жүйе қарсы келе жатқан автокөліктерді және Сіздің жолағыңызбен алда келе жатқан автокөліктерді анықтайды және қазіргі жағдайды ескере отырып, жақын жарыққа ауысады. Басқа көлік құралдары болмаған жағдайда ассистент қайтадан алыс жарықты қосады.
Автокөлікті жолақтың ортасында, қауіпсіз жерде ұстауға көмектеседі. Іске қосылған жағдайда, бұл жүйе автомагистральдар мен қала көшелерінде сағатына 0-ден 185 км-ге дейін қозғалу кезінде автомобильді жолақтың ортасында ұстайды.